Облыстағы Ертіс ауданында осылай екен. Жақында сол жақта іссапарда болдық. Бізді аудан әкімінің орынбасары Дидар Қалижанова қарсы алды. Жас қыздың қызмет үстелінің үсті тап-таза, жұмыс жасап қызылтанау болып отырған адамға ұқсамайды. Қазақша әйтеуір үш-төрт ауыз айтатыны бар екен. Алдынан бір түйір қағаз, газет-журнал көргеніміз жоқ. Сіңлімізге:
– Баспасөзге жазылу барысы қалай жүріп жатыр? – деп едік:

– Мен аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушымын. Қазір ішкі саясат бөлімінің басшысын шақырайын, сол айтады, – деді.
Сөйтсек, бұл бөлімнің басшысы Әспет Жансұлтанова да басшының міндетін атқарып жүр екен. Әрі қарай сұрастырсақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Майя Багиенова, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Дүйсембина, аудандық мәдениет үйінің директоры Эльмира Аймұханова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы – Төлеш Бекпауов, ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Үсенов түгелімен басшының міндетін атқарып жүргендер екен. Аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі де жоқ көрінеді.
Ауданға биылғы жылы тамыз айында Нығман Пішенбаев әкім болып келді. Облыс әкімі Ерлан Арын айтқандай, «үш мәрте әкім» атағына ие. Айтса айтқандай-ақ, тәжірибесі бар, Ақтоғай, Май аудандарын басқарған. Осы арада бізге мынадай бір ой келді: «Аудан әкімі түрлі сала басшыларын қашанғы сынайды. Әрі-сәрі күй кештірмей, нақты бір шешім неге қабылдамайды?», деген. Әрине, жұртшылық әкімдіктегі әр орынға лайықты, ауданға сыйлы, жұрт білетін, жан-жақты білімді, өмірден түйгені бар, істің жайын білетін, міндетіне адал, ана тілін ары көретін, патриот мемлекеттік қызметкерлердің келгенін қалайды. Десек те, тамыз айынан бері міндетін атқарып қана отырған қызметкерден қандай нәтиже күтуге болады?
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Ертіс ауданы.