Аймақтар • 17 Қараша, 2020

СҚО полицейлері бір күн ішінде 4 мал ұрлығын ашты

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қарашадан бері СҚО полицейлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы режімінде жұмыс жасауда. Мал ұрлығына жол бермеу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді.

СҚО полицейлері бір күн ішінде 4 мал ұрлығын ашты

Криминалдық полиция басқармасының және Ақжар ауданы ПБ жедел уәкілдері бұрын жасалған мал ұрлығының төрт эпизодын ашты. Ұрлық аудандық ЖШС-дің бірінде жасалған. Оның иесі 5 қойының ұрланғанын айтып, 30 қараша күні полицияға жүгінген. Полицейлер екі күдіктіні анықтады. Олардың біреуі осы ЖШС-те бұрын бақташы болып жұмыс істеген, мал қашасына білдірмей кіріп-шығу жолдарын білген. Кейін ұрлықтың бірнеше рет жасалғаны белгілі болды. Жалпы сомасы 680 мың теңге болатын 17 қой ұрланған. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда, Қылмыстық кодекстің «Мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде.

«Күдіктілердің айтуына қарағанда олар қой етін таксимен Көкшетауға апарып тапсырып отырған, - деп түсіндірді СҚО ПД КПБ бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Операцияның алғашқы күні бұрын жасалған төрт ұрлықтың беті ашылды. 15 адам есепке қойылды, оның үшеуі - «мал ұрлаушы», жетеуі - «қасапшы», бесеуі - «ұрланған малдың етін сатып алушы» санаттары бойынша жазаланады. Сонымен қатар 62 автомашина, ет өнімдерін саудалайтын 34 орын тексерілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы