Оқиға • 18 Қараша, 2020

Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова, Құдайберген Ержан, Балайым Кесебаева, Берік Оспанов және Артур Платонов праймериз шеңберінде аймақ­тар­дағы партия конференцияларына пікір­та­лас­тарға қатысып, ең көп дауыс жинады, деп хабарлады Мәжі­лістің баспасөз қызметі.

Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті

Аймақтарда партия конференциялары өтіп, Мәжіліске партиялық тізім бо­йынша үміткерлер арасында пікірталастар ұйымдастырылды. Олардың қатарында өзекті бағыттар бойынша жұмыстарын жалғастыру үшін өз кандидатураларын ұсынған Мәжілістің қазіргі депутаттары да бар.

Атап айтқанда, Артур Платонов Алматыдағы әлеуметтік мәселелерді шешу және экологияны жақсарту жөніндегі өз идеяларын ұсынса, Берік Оспанов Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және отандық кәсіпкерлерді қолдау мәселелерін көтерді. Гүлнар Бижанова мен Балайым Кесебаева Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері ретінде Қарағанды және Қызылорда облыстарында сөз сөйлеп, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешу үшін заңнаманы жетілдіру тақырыбын қозғады. Сонымен қатар Құдайберген Ержан Түркістан облысында елдің қауіпсіздігін жақсарту үшін тиімді диалог құрып, саналы шешімдер қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Пікірталас барысында Мәжілістің қазіргі депутаттары өздерінің заңнамалық жұмысының тәжірибесін, халықтың өмір сүру жағдайы мен отандық экономика салаларының өзекті мәселелерін терең білетіндерін көрсетіп, қандай да бір саладағы жағдайды жақсарту және жалпы өңірлерді дамытуға арналған нақты ұсыныстар айтты. Сондай-ақ олар маңызды тақырыптар бойынша сындарлы байланыс құра білетіндіктерін көрсетті.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша Мәжілістің қазіргі депутаттары ең көп дауыс жинап, өз өңірлерінен партиялық тізімге енді.