Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Жыл басынан бері 114 мыңнан астам қызмет көрсетілген

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-да көші-қон мәселесі бойынша жыл басынан бері Полиция департаментінің Көші-қон басқармасы 114 302 қызмет көрсеткен. Оның ішінде 15 түрлі мемлекеттік қызметтің 11-ін электронды форматта алуға болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 114 мыңнан астам қызмет көрсетілген

"Халыққа сапалы әрі уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету – көші-қон қызметі жұмысының басымды бағыты", деп атап өтті СҚО ПД КҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі Талғат Әбілов.

"Электронды форматта жұмыс істеудің бірнеше артықшылықтары бар: жемқорлық фактілеріне жол бермейді, құжат алу рәсімін жеңілдетеді, бастысы, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді". Әрине, облыстың барлық тұрғындарының, түрлі себептермен, интернетте жылдам жұмыс істейтін мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан әр аудандық полиция бөлімінде электронды форматта мемлекеттік қызмет алу желісі бойынша кеңесберуге және практикалық көмек көрсетуге дайын жауапты полиция қызметкерлері бар.

Тәжірибе көрсеткеніндей, шетел азаматтарысалық органдарына «ҚР уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қалыптастыру» сияқты мемлекеттік қызмет түріналуға жиі жүгінеді. Бұл ретте, мемлекеттік қызметтің аталған түрін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, электронды форматта жылдамалуға болатынын көбі біле бермейді.

Солтүстік Қазақстан облысы