Спорт • 18 Қараша, 2020

Ол небәрі 50 жаста еді...

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл үш жыл бұрын, яғни 2017 жылдың 18 қарашасында әлемдегі ең әйгілі ауыр атлет, Түркияның мақтанышы Наим Сүлейманоғлы қайтыс болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол небәрі 50 жаста еді...

Әу баста аты-жөні Наум Шаламанов болған айтулы спортшы Болгарияда туып-өсті. Бірер жыл сол елдің намысын қорғап, көптеген табыстарға қол жеткізді.

Кейіннен Түркияға қоныс аударды. Анадолы елінде де ол биік белестерді бағындырды. Атап айтсақ, 1983-2000 жылдар аралығында Олимпиаданың үш, әлемнің жеті және Еуропаның бес дүркін чемпионы атанды.

Әлем кубогын үш мәрте олжалады. Әлемдік рекордты 46 рет жаңартты. Күні бүгінгі дейін жер бетінде атақ-даңқы жағынан Сүлейманоғылының алдын орайтын бірде-бір ауыр атлет жоқ. Ол әйгілі бапкер Энвер Түркілеридің қол астында жаттықты.

Үлкен спорттан қол үзгеннен кейін әйгілі спортшы бауыр ауруына шалдықты. Ұзақ уақыт бойы емделді. Бірақ дендеген дерт жазылмады. Ақыры Наим Сүлейманоғлы 50 жасында жарық дүниемен қош айтысты.