Өңірлік филиал төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, праймериз кезеңінде партия мүшелерінен 1061 ұсыныс түсіпті. Оның 448-і сайлауалды бағдарлама жобасында көрініс тапты. Ал сайлауалды бағдарламалардың жобасына 12 толықтыру мен өзгеріс енгізілді.
Конференцияда 10 үміткер дебатқа қатысып, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Делегаттардың дауыс беруімен Мәжіліске сайланатын депутаттардың партиялық тізіміне үш үміткер іріктелді. Ең көп дауыс Дүйсенбай Тұрғановқа берілді. Оның үлесінде 107 дауыс бар. Ал, Сәлімжан Нақпаев 98 дауысқа ие болды. Көп дауыс алған бұл үміткердің екеуі де – жеке сектор өкілі. Үшінші үміткер Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы Толқын Бейісқали 74 дауыс жинады.
Сондай-ақ, конференцияда облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне 47 үміткер енді. Олардың 25 пайызын жастар, ал, 30 пайызын әйелдер құрады.
Атырау