Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Нұрсая-2 шағын ауданында жеті үйге жылу беру тоқтатылды. Бұған жылу құбырының жарылуы себеп болған.
"Қазір жылу желісіндегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 вакуум, 1 манипулятор тартылды. Суды сору екі вакууммен жүзеге асырылады. Қалпына келтіру жұмыстары 3 сағатта аяқталады", деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атырау облысы