Аймақтар • 18 Қараша, 2020

СҚО-да жоғалған 14 жылқы полицияның көмегімен табылды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қараша күні Қызылжар ауданында тұратын 65 жастағы адам жылқыларды табуға көмек сұрап, полицияға жүгінеді. Жоғалған 14 жылқының өзіне тиесілі 11-і Прибрежное ауылы маңында табынды қараусыз қалдырған кезде жоғалған. Ол ұлымен бірге жылқыларды үш күн бойы іздеп, таба алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да жоғалған 14 жылқы полицияның көмегімен табылды

Осы уақыт аралығында қар жауып, іздер көрінбей қалғанына қарамастан, төрт полиция тобы іздеуге кіріседі. Жылқылар «Вороний остров» ауданы маңынан табылды, бәрі түгел. Бақташыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша материалдар жинастырылды. Айта кетсек, ауыл тұрғыны ағымдағы жылы мал жаю және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған – табын жолға шығып, өтіп бара жатқан көліктерге қауіп төндірген екен.

"Осындай жағдайлар малды ұйымдастырып бағудың маңызын ұғындыруы тиіс. Бос жүрген мал жолға шығып, жол-көлік оқиғасына себепші болуы немесе мал ұрыларының қолына түсуі мүмкін. Ауыл тұрғындарын мал бағу ережелерін және заңнаманың басқа да талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз. Мал жоғалған жағдайда қауіптен сақтану үшін полицияға уақтылы жүгіну қажет" дейді Қызылжар ауданы ПБ бастығы, полиция полковнигі Әлихан Байқадамов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы