Елорда • 18 Қараша, 2020

Елордада жыл басынан бері 50 жаңа сайлау учаскесі құрылды

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 354 сайлау комиссиясы, яғнр 5 аумақтық, 349 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктері жанында 66 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада жыл басынан бері 50 жаңа сайлау учаскесі құрылды

Жыл басынан бері 50 жаңа сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісов мәлімдеді.

"Мен сайлау процесінің маңызды кезеңіне тоқталғым келеді. Ол – дауыс беру құқығын беретін куәліктер. Сайлаушы өзінің дауыс беретін жерін ауыстырған кезде және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлау комиссиясы оның өкіліне сенімхат бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін береді. Мәслихат депутатын сайлау бойынша басқа сайлау округінде не бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетіндерге есептен шығару куәлігі берілмейді. Жоғалған есептен шығару куәлігі қалпына келтірілмейді және көшірме нұсқасы берілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру сайлау күнінің алдында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады", деді Бақыт Бектемісова брифинг барысында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны басталды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаумен бір мезгілде мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу жөнінде шектеулер жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленді.

ОСК өкілдерінің айтуынша, бірлескен науқан – бұл бюджетті үнемдеу мен пандемия жағдайында негізделген әлеуметтік байланыстардың төмендеуі.