Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Алматылық журналистер еліміздегі ең бай гербарийге барды

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін алматылық журналистер еліміздегі бірегей мекемеге саяхаттап, ең бай гербарий қоры мен заманауи жабдықтармен жабдықталған агрохимиялық зертхананы тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық журналистер еліміздегі ең бай гербарийге барды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы-Агрохимиялық, топырақты зерттеу және кешенді–іздестіру жұмыстары департаменті БАҚ өкілдері үшін 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

Турға қатысушылар мекеменің көрме залында 60 жылдан астам уақыт бойы жиналған мұрағаттық материалдармен танысты. Сондай-ақ, журналистердің назарына Департаменттің бай гербарий қоры ұсынылды, онда жапырақтардың 10 мың түрі және өсімдіктердің 3 мың түрі сақталған. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері заманауи агрохимиялық зертханаға барды.

«Қазіргі уақытта біздің мамандар далалық жұмыстарды пысықтап, камералдық жұмыстарды және электрондық карталарды жасаумен айналысуда. Алты ауылдық округте 690 мың гектар алқапта топырақ іздестіру бойынша электрондық карталар жасалып, МҚІСА-ға біріктірілетін болады. Бұдан басқа (2020 жылдың 9 айында) Жамбыл облысының Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарында – 500,0 мың га. жұмыстар аяқталды. 300-ден аса шаруа қожалықтарын паспорттау жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, 3100,0 мың гектар алаңға  геоботаникалық зерттеу  жүргізіліп, енді оның электрондық геоботаникалық карталары жасалуда», - дейді Департамент директоры   Болат Жылқыбеков.

Департамент 2020 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында 690 мың га алқапта топырақ зерттеу, 670 мың га жуық алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитировкасын анықтау, 400 мың га алқапта жер мониторингі бойынша жұмыс ұйымдастырды, 690 мың га жерге арналған электрондық топырақ картасы жасалды.

«Біздің мамандардың еңбегі жоғары бағаға лайық. Биыл әр бригаданың құрамында 4 адам бар 10 далалық бригада құрылып, жұмыс істеді. Әрбір тексеру бригадасы орта есеппен 75 мың гектар жайылым мен шабындықты игерген. Бір шабу алаңы 1,7 гектарды сипаттайды, рельефке және түрлерге байланысты олар көп болуы да мүмкін. Күніне орта есеппен 1,9 гектар жерге зерттеу жүргізіліп отырды», - дейді Болат Жылқыбеков.

Алматы