Аймақтар • 18 Қараша, 2020

Бақытжан Сағынтаев: Алматы эпидемиялық ахуалдың нашарлауына дайын

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қалыптасқан санитарлық-эпидемиялық ахуал және пандемияның ықтимал жаңа толқынына дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қазан айының басында КВИ ауруының өскені байқалды.

Биылғы 18 қарашаға дейін қалада коронавирустық инфекцияның 15 325 оқиғасы тіркелді, оның 9 251-і симптомды, 6074-і симптомсыз. Анықталмаған пневмония - 1099 оқиға. 100 адамға шаққандағы көрсеткіш – 767, 58. Тәулік ішінде КВИ-дің 35 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 оқиға симптомды, 13 симптомсыз, анықталмаған пневмонияның 4 оқиғасы тіркелді. Тәуліктік өсім – 0,2%, репродуктивті саны – 1,15 (17 қарашадағы ахуал бойынша).

Аурудың қабылданған көрсеткіштері бойынша бүгінгі күні Алматы «жасыл» және «сары» аймақтар арасында тұр. Қыркүйек айында КВИ ауруының 165 жағдайға дейін максималды төмендеуі (100 мың тұрғынға шаққанда 8,3) тіркелген еді. Ал, қазан айында КВИ ауруы біртіндеп өсіп, 365 оқиғаға жетті, Алматыда биылғы жылдың 1 қазанынан 16 қарашасы аралығында КВИ-дің 900 оқиғасы және пневмонияның 189 оқиғасы тіркелді.