Қазақстанда теңіздегі мұнай кен орнын игеру бойынша алғашқы жоба ретінде Қашаған Қазақстанның барлық аймақтарында жергілікті кәсіпорындарды дамытуда маңызды рөл атқарады. NCOC компаниясы қазақстандық компанияларды Солтүстік Каспий жобасына барынша тартуды ғана қолдап қоймай, жобаға жұмылдырылған компанияларға халықаралық стандарттар деңгейіне жетуге көмектеседі. Жергілікті қамтуды барынша арттыру Консорциум үшін де, Қазақстан үшін де басым мақсат болып табылады.
Осы жылдар ішінде Оператор жергілікті компанияларға, атап айтқанда, 6 компанияны Америкалық механик-инженерлер қоғамының (ASME) және 3 компанияны Америка мұнай институтының (API) халықаралық сертификаттарын алу барысында сүйемелдеп, қаржылық қолдау көрсетті.
2020 жылғы сәтті мысалдардың бірі – «КАСКОР-МАШЗАВОД» АҚ.
Бұл көрнекті жетістікке Жергілікті қамту бөлімі, NCOC компаниясының мердігері «Strategy Group» ЖШС және «КАСКОР-МАШЗАВОД» АҚ-ның үшжақты жұмысының арқасында қол жеткізілді. Бұл кезең-кезеңмен жүзеге асқан ұзақ үдеріс бір жылдан астам уақыт алып, халықаралық стандарттың барлық талаптарына сәйкес болу, олқылықтарды жою және кеңес алу үшін халықаралық аудиторлар тартылды.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде, «КАСКОР-МАШЗАВОД» АҚ ауыр өнеркәсіптің ASME (Америкалық механик-инженерлер қоғамы) халықаралық стандартын сәтті енгізіп, «U» сертификаттық белгісіне ие болды. ASME сертификаты қатаң талап қоятын ірі компаниялармен, мұнай-газ Операторларымен жұмыс істеу бойынша өндірушінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
* * *
Америкалық механик-инженерлер қоғамы сонау 1880 жылы құрылған, содан бері оны негізгі мақсаты өзгерген жоқ: бүкіл әлемде машина жасаудың дамуына ықпал ету. Бүгінде ASME негізінен инженерлік салада кадрларды даярлаумен айналысатын кәсіби, коммерциялық емес ұйым. Нәтижесі айқын: ASME стандарты әр түрлі компанияларға өз өнімдерін 100-ден астам елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.
***
«Каскор-Машзавод» АҚ – ұңғыма жабдығы, газ пештері, жер үсті және жер асты резервуарлар, дәнекерленген металл құрылымдары мен құрал-саймандар сияқты мұнай-газ саласы үшін әртүрлі өнімдер шығаратын Қазақстанның жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі.