Өнер • 19 Қараша, 2020

Дәстүрлі әндер шырқалды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академия­лық филармониясының «Халық әні» бөлімі «Ән базары – Қараөткел» атты онлайн концертті көрермен назарына ұсынды.

Дәстүрлі әндер шырқалды

Қараөткел заманында кеңінен шырқалған әндерді бүгінгі тол­қынға қайта жаңғыртқан кон­­церт тыңдармандарды өт­кен шақпен қауыштырды. Өз за­ма­нының бұлбұлдарын бір ар­наға тоғыстырған өнер ке­шінде халық әндері «Қарғам-ау» мен «Шилі өзен», Ғазиз Файзоллаұлынан «Шал­қыма», Біржан салдан «Адас­қақ» пен «Айтбай», Ақан серінің әндері – «Балқадиша» мен «Шәмси-Қамар», Майраның «Толқымасы», Жаяу Мұсаның «Көгаршын», Сәт­мағамбеттің «Қанат­­талды» туын­ды­лары шыр­қалды. Ұйым­дастырушы­лардың ай­туын­ша, дәстүрлі ән кеші бола­шақта ауқым­­ды концертпен ха­лыққа ұсы­нылатын болады.