Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Шымкентте 9 елді мекен сапалы электрмен қамтылды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елді мекендегі 15 мыңға жуық тұрғын сапалы электр желісіне қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 9 елді мекен сапалы электрмен қамтылды

Бұдан бөлек, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған елді мекендегі 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді. 

Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елді мекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы стансаның құрылысы жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елді мекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.