Аймақтар • 19 Қараша, 2020

Үй күтушісі пәтер иесінің ақшасын қолды еткен

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы "Оңтүстік" полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны пәтерінен 7200 доллар және 2800 еуро көлеміндегі  қомақты ақшаның ұрланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үй күтушісі пәтер иесінің ақшасын қолды еткен

Шағымданушы  Елена есімді үй күтушісінен күдіктенетінін де айтады. Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс келіншекті биыл күзден бастап пәтерін тазалату үшін айына бір-екі рет жалдаған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының бұрын сотталмаған 47 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұры өз қылмысын мойындап, ақшаның біраз бөлігін иесіне қайтарып берген. Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап, туыстарының несиесін төлеп, бір бөлігін банкке депозитке салып үлгерген.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.