Қазақстан • 19 Қараша, 2020

Ақсу кен орнында ашық тау-кен жұмыстары басталды

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Алтыналмас АК" АҚ Ақмола облысында орналасқан. Ақсу кен орнында ашық тау-кен жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақсу кен орнында ашық тау-кен жұмыстары басталды

Ақсу кен алаңы алты кен учаскесінен тұрады: Батыс, Орталық, Старательский, I Октябрьский, II Октябрьскийжәне Буденновский.

"Алтыналмас АК" АҚ күшімен Ақсу кен орнының ІІ Октябрьский алаңында ашық тау-кен жұмыстары басталды. Карьердің жобалық қуаты жылына 5 000 мың тонна кен және 36 040 мың тонна тау-кен массасы. 2020 жылдың қорытындысы бойынша кен өндіру 260 мың тоннаны құрайды деген болжам бар. Ал 2021 жылы жылына 5 000 мың тонна кен өндіретін жоспарлы өндірістік қуатқа шығу көзделіп отыр.

Пайдалы қазбалар жобаның жеке алтын шығаратын фабрикасында өңделетін болады, оның құрылысы 2021 жылдың 2-тоқсанына аяқталады деп жоспарланған.

Ашық тау-кенжұмыстарын жүргізу үшін ең заманауи "HITACHI" 1900/2600 карьерлік экскаваторлары, "CAT" 777E карьерлік жүк түсіргіштері, "CAT" үлгісіндегі тиеу машиналары мен бульдозерлер жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта "Ақсу" жобасының штатында 95 қызметкер жұмыспен қамтылған. Жоба толық өндірістік қуатқа шыққан кезде жалпы штат 754 адамды құрап, 659 қосымша жұмыс орнын ашу жоспары бар.