Хоккей • 19 Қараша, 2020

Роман Старченко рекордқа көз тікті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Магнитогорскінің "Металлургіне" қарсы кездесуде мұз айдынына шыққан "Барыстың" шабуылшысы Роман Старченко Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) 600-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Роман Старченко рекордқа көз тікті

Елордалық клубтың сапында 13 маусым бойы өнер көрсетіп жүрген 34 жастағы Өскемен хоккей мектебінің түлегі ҚХЛ-да ең көп матч өткізген ойыншылар тізімінде 14 сатыға жайғасты. Ал мұз айдынына ең көп шыққан хоккейшілер көшін Сергей Мозякин бастап тұр. "Металлургтің" сұрмергені 659 кездесу өткізген екен. Сондай-ақ, Евгений Бирюков (655), Микелис Редлихс (637), Александр Черников (633) және Михаил Варнаков (623) алғашқы бестікке еніп отыр.

Әржылдары "Барыстың" намысын қорғаған өзге ойыншылары жайында айтар болсақ, Роман Старченкодан кейінгі екінші нәтиже Кевин Даллмэнге (483) тиесілі. Одан кейінгі орындарда Роман Савченко (444), Брэндон Боченски (412) және Дастин Бойд (394).