Экономика • 19 Қараша, 2020

ЕЭК кешенді ынтымақтастыққа ұмтылады

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"ЕАЭО мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері "Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі бірыңғай экономикалық кеңістік" туралы дөңгелек үстел отырысында қаралды" деп жазады Egemen.kz 

ЕЭК кешенді ынтымақтастыққа ұмтылады

Іс-шара ЕЭК алаңында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың, Еуропалық комиссияның және ЕАЭО мен Еуроодақ елдері іскерлік қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өтті. ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов ЕАЭО-ның қарымды сауда, инвестициялық және технологиялық әріптесі болып табылатын ЕО-мен диалогты жандандыруға деген жоғары мүдделілікті атап өтті. Бүгінде Еуроодақтың үлесіне тиетіні – халықаралық сауда ағындарының жартысынан астамына жуығы.

"ЕЭК Еуропалық комиссиямен әсіресе техникалық реттеу, ветеринариялық фитосанитариялық қағидалар мен рәсімдер, кедендік әкімшілік жүргізу сияқты салаларда кешенді әрі жан-жақты ынтымақтастыққа ұмтылады. Бұл салаларда қазірдің өзінде белгілі бір өзара іс-қимыл басталды", деді ЕЭК министрі.

Сонымен бірге, оның пікірінше, ЕАЭО мен ЕО арасындағы өзара іс-қимыл деңгейі әзірге – дамудың бастапқы бағытында. Бұл ретте ол "Лиссабон – Владивосток" бастамасына жалпы Еуразиялық кеңістіктегі диалогты құрылымдау мен тереңдету жөніндегі күш-жігері үшін ризашылық білдірді. 

"Бұл бастама ЕАЭО-ЕО диалогы форматында өзара іс-қимылды дамыту үшін база дайындауға маңызды үлес қосады", деп санайды Тимур Жақсылықов.

Өз кезегінде "Лиссабон – Владивосток" бастамасы басқармасының төрағасы Ульф Шнайдер оның жоғары маңызын, сол сияқты дөңгелек үстелге қатысшылардың іс-шараға деген көтеріңкі ынтасын атап өтті. ЕО елдерінің жеті елінің әртүрлі қауымдастықтары мен компаниялары өкілдерінің дөңгелек үстелге қатысуы – ЕАЭО-мен ынтымақтастықтың өзектілігін айғақтайды.

Ресейдегі Еуропалық бизнестер қауымдастығының (ЕБҚ) президенті Йохан Вандерплацтың пікірінше, бүгінде еуропалықтар елдер арасындағы синергиясы жоғары деңгейдегі аса ірі "шынайы жобалардың" бірі – Еуразиялық экономикалық одақта болып жатқан процестерді өте мұқият қадағалап отыр.