28 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 913

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 3 қыркүйек,   Астана, Үкімет Үйі

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі №907 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 852-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:
мына:
«____________________________________________________________________________
(бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, берілген күні
мен берген орган)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«____________________________________________________________________________
(бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу туралы куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:
мына:
«__________________________________________________________________________
(бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
құрылтайшы қүжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, берілген күні
мен берген орган)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«____________________________________________________________________________
(бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу туралы куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15