"Мақсатымыз – "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы" стратегиясына сәйкес отбасы құндылықтарын насихаттау. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты тұлғаны, ашық ойлы, қайырымды отбасыны анықтауды көздедік", дейді өңірлік департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.
Биыл байқауға қатысушылар парасатты отбасы құндылықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірі, ұстанымы туралы бейнероликтерді әлеуметтік желілерде жариялады. Қазылар алқасы байқауда бақ сынаған 25 отбасының бейнеролигін саралады. Байқау қорытындысында бірінші орынға Бөкеновтер отбасы ие болды. Екінші жүлдені Ғафуриновтер мен Төлеуовтер отбасы, үшінші орынды Қарабалиндер мен Берегеновтер отбасы иеленді.
Ал Құрманғалиевтарға "Өнегелі отбасы", Меңдешевтерге "Шебер отбасы", Талғатовтарға "Ынтымақты отбасы" аталымы берілді.