"Жас ұрпаққа экологиялық білім беріп, еңбексүйгіштікке, патриоттыққа, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін "Жасыл ел" бағдарламасының жастар үшін маңызыз зор. Жыл сайын "Жасыл елде" еңбек еткісі келетін жастар саны артып келеді. Өңірде жастардың бастамасын ілгері дамытуға арналған жобалар да, мүмкіндіктер де аз емес", деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Облыс әкімінің орынбасары еңбек маусымында белсенділік танытқан бір топ жасқа "Үздік жоба", "Үздік командир", "Үздік медиа маман", "Үздік штаб", "Үздік жұмыс беруші", "Жыл серпіні", "Үздік сарбаз" аталымдарын табыстады.
Соңғы бес жылда "Жасыл ел" жобасы аясында 8 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды. Ал биыл 1004 жас жұмысқа тартылды. Оның ішінде облыс орталығынан 294, аудандардан 710 жас бар.