28 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 922

250 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 4 қыркүек, Астана, Үкімет Үйі

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы №926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;
3) салымшының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезінде нақты енгізген болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
4) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлын дербестендірілген есепке алу;
5) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару;
6) жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агентке қайтару;
7) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өсімпұлды оның өтініші бойынша агентке қайтару;
8) агенттердің Кәсіпорын шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) солардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тізілімдерін қалыптастыру және олары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну;
9) Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;
10) Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендірілген есепке алу;
11) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша есімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау;
12) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Кәсіпорынның автоматтандырылған, орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушы болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Кәсіпорынның қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;
15) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтік аударым­дары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;
17) құжаттарды қабылдау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға, қайта есептеуге арналған істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау;
18) әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорын қызметінің түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсыну;
19) төлеушілерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру;
20) әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру айынан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аудару;
21) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілерден түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардьщ тізілімдерін ұсыну;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлері болып айқындалсын.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15