Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Сотталса да рөлден айрылмаған

1157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-да Шал ақын ауданы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері далалы жолда Сухорабовка ауылының  30 жастағы тұрғынын удай мас болып, рөлге отырғанында ұстады, - деп жазады Egemen.kz

Сотталса да рөлден айрылмаған

Ол 2018 жылы Ақмола облысының Бурабай аудандық сотымен үш жылға көлік құралын жүргізу құқынан айырылған екен. Алайда бұл оқиға оған сабақ болмаған. Заңды елемей ол рөлге қайта отырған.

Екінші рет 2020 жылғы қыркүйекте  ол Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сотының шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, 2 жылға бас бостандығынан айыру шартты жазасына кесілген. Енді міне, екі ай өтер-өтпестен қайта ұсталды, тағы да мас күйінде...

Шал ақын ауданының тергеу судьясы күдіктіге қатысты екі айға қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Солтүстік Қазақстан облысы