Оған КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен руханияттың өкілдері қатысты.
«Бұл – сәулет өнерінің үлгісі ғана емес, мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа көрсетілген құрмет. Кез-келген ел үшін руханияттың оны бөлек. Өскелең ұрпақты өнер иелерін құрметтеуге үндейтін туынды», деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.