Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, қабаған ит талаған екі жасар бала 18 қарашада сағат 16.00-де облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті.
«Сәрсенбі күні ауруханаға жеткізілген балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ит тістегеннен қалған жараларға хирургиялық өңдеу жасалды. Баланың басы мен қолына орташа деңгейде зақым келген. Жаралары таңылып, ем берілуде. Қазір бала травматология бөлімінде анасымен бірге жатыр» деді дәрігер-травматолог Жақсылық Мағзомов.