Айтысты өткізуге облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Ал ұйымдастырушы – Қазақстан Жазушылар Одағының өңірлік филиалы. Директор Қойшығұл Жылқышиевтың мәліметінше, айтысқа 24 ақын өзара сынға түсуде.
Ақындардың өнеріне КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жетекшілік ететін қалзылар алқасы баға береді.
Республикалық айтыс ертең аяқталады.