Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Алматыда қандай нысандар карантин режимін жиі бұзады?

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының мониторингтік топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қала бойынша аудандық әкімдік, жергілікті полиция қызметкерлерінен, «Атамекен» ҰКП өкілдерінен құралған 32 мониторингтік топ қызмет етеді.

Алматыда қандай нысандар карантин режимін жиі бұзады?

2020 жылдың 19 қарашасы мониторингтік тексерулермен 26 нысан қамтылды, 8-інен заң бұзушылықтар анықталды.
- Алмалы ауданы – Мақатаев к. 117А мекенжайы бойынша «LORD Game- Hub» компьютерлік клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Алмалы ауданы – Мұқанов к. 130 мекенжайы бойынша «Дореми» караокесі – тыйым салынағанына қарамастан қызмет еткен;
- Әуезов ауданы – Төле би к. 279Б мекенжайы бойынша «Urgrade» компьютерлік клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Әуезов ауданы – Төле би к. 279б мекенжайы бойынша плейстейшн клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Бостандық ауданы – Көктем-2 ш.а, 2 мекенжайы бойынша «Shtorm» ойын клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Бостандық ауданы – Масаншы к. 100 мекенжайы бойынша ойын клубы – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Медеу ауданы – Достық д. 48 мекенжайы бойынша Loto Club – тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен;
- Түрксіб ауданы – Сейфуллин д. 9а мекенжайы бойынша Донер Кебаб дәмханасы – карантин режиімінің бұзылуы.

Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады.

Барлық нысандарда мониторингтік топтармен санитарлық-эпидемиялық режимнің сақталуын күшейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.