Аймақтар • 21 Қараша, 2020

Жол қауіпсіздігі - басты назарда

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыс мезгілінің басталуымен жол қауіпсіздігін сақтау СҚО ПД күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол қауіпсіздігі - басты назарда

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуына қарағанда 18 қарашадан бастап күн сайын облыста 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына қатысады. Облысжолдарында 149 автопатруль, оның 37-сі республикалық маңызы бар, 10-ы облыстықмаңызы бар жолдарда жұмыс істейді.

Осы патрульдер тек соңғы екі күнде облысбойынша 1241 жол ережесін бұзу фактілерінанықтады. Оның 147-сі қауіпсіздік белдігін тақпау, 101-і - көлік жүргізу кезінде телефон пайдалануболды. 13 мас жүргізуші ұсталды. Жаяужүргіншілер тарапынан 232 жол ережесін бұзутіркелді. Жергілікті полиция қызметі рейдтер мен тексерістерді осы аптаның соңына дейінжалғастыратынын мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы