Отанымыз туралы материалдар енді АҚШ-тың батыс жағалауындағы жылына 1 миллионнан астам оқырманға қызмет көрсететіп жүрген басты кітапханаларының бірінде кеңірек көлемде ұсынылатын болады. 1878 жылы негізі қаланған бұл кітапхананың қоры бүгінгі таңда 4 миллионнан астам басылымды құрайды.
Кітапханаға тарихи және ғылыми-танымдық әдебиетпен қазақ ақындары, жазушылар мен зерттеушілерінің шығармаларын, атап айтқанда Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Олжас Сүлейменов және тағы басқалардың, туындыларын қамтитын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген шашамен 400-ге жуық кітап табыс етті. Бастама авторларың пікірінше, кітапханада осындай бөлімнің ашылуы және Абай Құнанбайұлы шығармаларының кеңірек таратылуы Америка оқырмандарының қазақ халқының бай мәдениетіне шынайы қызығушылығының өсуіне септігін тигізе алады.
Аталмыш жоба «Отандастар» қорының және Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбайеваның көмегімен, сондай-ақ «Медициналық-инновациялық технологиялар» атты отандық компанияның Байқаушы кеңесінің төрағасы Михаил Гутерманның қаржылай демеуімен Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы тарапынан ұйымдастырылды.
Американ тарапынан ашылу рәсіміне кітапхана директоры Томас Фортин мен Сан-Франциско қаласы мәриясының өкілдері қатысты.