Аймақтар • 22 Қараша, 2020

Балықшылар іздестірілуде

801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушыларға 20 қараша,  22:50 шамасындаТарбағатай ауданы, Тұғыл ауылынан екі балықшының Зайсан көлінде жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балықшылар іздестірілуде

Қауіпсіз мұздың қалыңдығы кемі 10 см болса, бұл күні мұздың қалыңдығы 4 см ғана болған.

Құтқарушылар хабарлама ала сала Тарбағатай ауданының ТЖБ бастығы әкімдік өкілдерімен бірге ақпаратты анықтау үшін дереу жеткен. Алайда, су бетіне қатқан қабыршақ мұз көл бетіне қайықпеншығуға мүмкіндік бермеді. 21 қараша күні таңертең Өскеменнен арнайы 5 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 бірлік "Пегас" кемесі жіберілді. Сондай-ақ балықшыларды іздеу үшін МИ-8 тікұшағы ұйымдастырылды. Бірақ әуеден іздеудің өзі нәтиже бермей жатыр.

Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да кіріскен. Олар жағадан бір шақырым қашықтықта жоғалған балықшылар қайығының бос бензин багын тауып алған. Іздеу нәтижесіз болған соң Күршім ауылынан сүңгуірлер келіп жеткен. Қазіргі уақытта 1990 және 1981 жылы туған балықшыларды іздестіру жалғасуда.

 

Шығыс Қазақстан облысы