«Бұрын бұл жерде 4 апатты екі қабатты үй тұрған еді. Бұл үйлердің тұрғындары тұрмыстық жағдайларын жақсартып, жайлы пәтерлерге ие болды», - деп жазды өз парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Жалпы, облыста биыл 3 мың пәтер салынады, оның 625 пәтері мұқтаж азаматтарға арналған. 11 мың солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойлайды. Өңірдегі 125 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Биыл аудандарда кезекке тұрғандарға арналып 7 көпқабатты үй салынды.
2021 жылы «Береке» ықшам ауданында 556 пәтерлі 5 көп қабатты үйдің құрылысы аяқталады. Бұл 130 көпбалалы отбасы мен әлеуметтік топтардағы 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысы