Аймақтар • 23 Қараша, 2020

СҚО ПД медициналық қызметінің вирусқа қарсы күресі тексерілді

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда СҚО полиция бастығы М.Төлебаев ведомстволық емханасы бар госпитальдің жұмысына және персоналдың коронавирустық инфекцияға қарсы күреске дайындығына баға берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО ПД медициналық қызметінің вирусқа қарсы күресі тексерілді

Ең алдымен емханаға және госпитальдің терапиялық бөлімшесі тексерілді. Полиция басшысы қызметкерлерге толық медициналық көмек көрсетуге қажет дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті екеніне көз жеткізді. СҚО Полиция департаменті Медициналық бөлімінің басшысы Сергей Федоров сатып алынған 4 оттегі концентраторын, теріге тигізбей пайдаланылатын 8 термометр мен пульксометрлерді көрсетті. Медициналық қызметкерлер үй-жайларды зарарсыздандырып, персоналды және емделушілерді термометриядан өткізеді. Полиция бөліністерінің әкімшілік ғимараттарының бақылау пунктерінде жеке құрамның температурасы өлшенеді.

Марат Төлебаев ақ халаттыларды індеттің алдын алу бойынша алдағы жұмысқа бағдарлады. Сондай-ақ, облыстың бас полицейі коронавирустық инфекцияға тестілеу жүргізілетін және биоматериал алынатын фильтрациялық орынға барды. Бұл жұмыс аса өзекті, өйткені полиция қызметкерлері кез-келген ауа райына қарамастан, блок-бекеттерде қызмет атқарады, қоғамдық тәртіпті сақтай отыра, көшелерді патрульдейді. Пандемия басталғалы жеке құрамға 2736 ПТР-зерттеу жүргізілді.

ПЕТРОПАВЛ