Президент • 23 Қараша, 2020

Президент Тоқаев жаңа теннис орталығына жоғары баға берді

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Президенті жұмыс сапары барысында Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Тоқаев жаңа теннис орталығына жоғары баға берді

Инфрақұрылымы әлемнің ең озық стандарттарына сай келетін нысанда бір мезгілде 650 бала жаттыға алады. Мұндағы 11 корттың жетеуі жабық. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене шынықтыру жұмыстарына арналған залдар бар.

Мемлекет басшысы жаңа орталықтың техникалық жабдықталуына ризашылық білдірді. Мысалы орталықта ATP/WTA Challenger деңгейіндегі әлемнің үздік 100 ойыншысы қатысатын халықаралық және республикалық теннис жарыстарын өткізуге, сондай-ақ, отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасалған.

– Қала өміріндегі осындай маңызды нысанның пайдалануға берілуімен құттықтаймын. Біз қазір бұқаралық спортты дамытуды мақсат етіп отырмыз. Мына спорт орталығы барлық балалардың үлкен тенниспен шұғылданып, денсаулығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл көпжақты әрі ыңғайлы нысан. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жәмішұлы Өтемұратовқа ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

777

Жалпы көлемі 7,8 мың шаршы метрді құрайтын нысан құрылысына жеке инвесторлар 2,4 млрд теңге көлеміндегі қаражат салған екен. Жаңадан ашылған спорт нысанында 18 үстелге арналған ойын залы, тоғыз теннис үстелі орналасқан жаттығу залы, медицина және массаж кабинеттері, жаттығу залы, әкімшілік ғимараты, төрешілер мен бапкерлердің бөлмелері, мәжіліс залы мен VIP-орындар бар. Сонымен қатар мұнда мәжіліс залы мен екі кафетерий және қонақ үй кешені бар. Орталықтың 1,5 гектар аумағы толығымен абаттандарылып, көгалдандырылған.

47777

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың тек жаттығып қана қоймай, халықаралық жарыс өткізуге барлық жағдай жасалған келісті нысан екенін атап өтті. соынмен қатар Мемлекет басшысы үстел теннисінің президенті Данияр Әбілғазинге, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке, Қазақстан құрамасының үстел теннисінен бас бапкері Эльмира Әлиеваға алғыс айтып, мол жетістік тіледі.

777