Павлодар облысының Әділет департаменті өңірлік жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп алимент бойынша берешектерді өндіріп алу жұмысын жалғастырып келеді.
Атап айтқанда, жеке сот орындаушы Т.Ғаббасовтың атқаруындағы өндірістер қатарында борышкерлерге тиесілі пәтерлерді өз бетінше сатуға мүмкіндік беріп, түскен шамамен 7 млн теңге қаржыны балалары алдында пайда болған берешектікті өтеуге жағдай жасады.
Борышкерлердің бірі 2013 жылдан бері кәмелетке толмаған балаларына 5,6 млн теңге қарыз болса, екінші борышкер 3 жылдың ішінде жалғыз баласына 1 млн-нан астам алимент берешек болған.