Аймақтар • 23 Қараша, 2020

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп кетті

868 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25 қабатты үйде орналасқан кіреберістің балконынан секіріп, қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп кетті

Ағымдағы жылғы 21 қараша күні хабарсыз кеткен кәмелетке толмаған қыздың дерегі бойынша Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығына қала тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, 22 қараша күні таңғы сағат 07-де 11-шағын аудандағы №112 “В” үйінің ауласынан екі жас адамның мәйіті табылған. Тексеру кезінде жоғалған 17 жастағы қыз және оның 18 жастағы досы екені анықталды.

Атап айтқанда, қыз бен жігіт 25 қабатты үйде орналасқан кіреберістің балконынан секірген. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке заттарын тәркіледі. Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептерін анықтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелді.

Ақтөбе облысы ПД бастығы А.Арыстанов:  – Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың ең көп кездесетін себептері – махаббат мәселесі, құрдастарымен немесе ата-аналарымен болатын жанжал, болашақ үшін қорқыныш және жалғыздық сезімі. Ата-аналар баланың эмоционалды жағдайына назар аударуы керек. Өзара әңгімелесіп, сөйлесу, мәселелерді талқылау, оларды шешуге үйрету, баланың өмірге құштарлығын ояту керек. Егер Сіздің қолыңыздан келмесе, балаңыздың әлеуметтік немесе эмоционалды жағдайында бір мәселе туындағанда көмек сұрауға қымсынбаңыз. Бәрі өздігінен жақсарады деп үміттенбеңіз. Қырағылық танытыңыз, – деді.