Оқиға • 24 Қараша, 2020

Жарылыстың себептері анықталуда

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы «Halal brothers» дәмханада газ баллон жарылғаны, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын.

Жарылыстың себептері анықталуда

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 12.32-де келген бойда жарылыс салдарынан екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішін­ара қабырғалары және шатыры құлағаны анықталды. Сонымен қатар 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанған. Қирау 100 шаршы метр көлемінде орын алған (құрылыстың жалпы көлемі 600 шаршы метр). Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.

Елордалық құтқарушылар оқиға орнынан 35 газ баллонды шығарды. Үйіндінің арасынан 1998 жылғы  қызды құтқарды, ол жабық ми зақымын алған. Өкі­нішке қарай, оқиға орнында дәмханада ыдыс жуушы болып қызмет атқаратын 1968 жылы туған әйел қаза тапты.

Жедел медициналық көмек бри­гадасы 34 адамды ем­ханаға жеткізді. Оның ішінде 11-і дә­рігер қарағаннан кейін  үй­леріне жіберілді, 23-і ауруха­на­ға жатқызылды. Зардап шек­кен адам­дардың барлығы дәм­хана жұмысшылары. Сондай-ақ жарылыс салдарынан 3 автокөлікке зиян келді.

Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді. Апат­тық-құтқару жұмыстары сағат 16.59-да аяқталды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 56 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмыс жасады.

Қала әкімдігі және Төтенше жағдайлар департаменті адамдар тоңып қал­мауы үшін КУНГ-көлігі мен ав­тобус жіберді.

Оқиға орнында халыққа психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін қауырт желі телефоны жұмыс істеді. 8-7172-24-51-71 и 8-7172-24-51-47. Оған 11 қоңырау түсті.

Жалпы төтенше жағдайды жоюға Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орта­лы­ғынан, Полиция департа­мен­тінен, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергі­лікті атқарушы органдардан 172 қыз­меткер мен 56 бірлік техника жұмылдырылды.