Малсақ қауымға мемлекет тарапынан ауқымды көмек көрсетіліп жатқаны белгілі. Әйтсе де қанатын кеңге жайып келе жатқан «Қарлығаш» шаруа қожалығы өз шаруасын мұқият істеген адамдардың қолдаусыз да табысқа кенелетінін дәлелдеп отыр.

Шаруа қожалығын алғаш құрған кезде-ақ інісі Ерболат екеуі өз күштеріне сенген екен. Тоқсаныншы жылдардың басында ұйымдасқан шаруа қожалығына «Торғай» кеңшарынан сау тамтығы қалмаған көне комбайн мен «дімкәс» трактор бұйырған. Ал ортақ малдан тиесілі пайларына ештеңе тимепті. Сонда да болашақтарына сенімді еді. Адал еңбектерінің арқасында құт дарып, береке бітті. Қазір қожалықтың екі мың гектар жері бар. Оның 200 гектары шабындық, 100 гектары екпе шөп, өзгесі жайылым жерлер. Өздері оған да тәубе дейді. Әйтпесе ауылдастары тоқымдай жерге зар болып, қолдарындағы бірді-екілі малды қайда жаярын, шөпті қайдан шабарын білмей қаңтарылып отыр.
– Қаншама қиындықты бастан өткеріп жүрсек те, несие мен субсидия алып көрген емеспіз. Өз басым мемлекетке ауыртпалығымды түсіргім келмейді. Кәсіппен айналысқан адам ешкімге тәуелді болмауы керек. Өз күшіне сенген адамның ғана қайығы өрге жүзеді, – дейді «Қарлығаш» шаруа қожалығының басшысы Ербол Дүйсен. – Қазір бұрынғы қиындықтың бәрі артқа қалды. Шаруа жайын үйрендік. Үйренетін де ештеңесі жоқ еді. Ата кәсіп. Азық-түлік белдеуіндегі Нұр-Сұлтан қаласын сапалы мал өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге септігіміз тиіп жатыр. Біз тәрізді мал баққан шаруа қожалықтары көбейсе, ішінара адал бәсекелестік туындап, сауда сөрелеріндегі ет бағасы да арзандар ма еді?!
Бүгінгі таңда кешегі шағын шаруашылықтың ісі дамып, тасы өрге домалап келеді. Қазір шаруа қожалығы 250 бас жылқы, сексеннен астам қара мал, 300-дің үстінде қой бағып отыр. Жыл басынан бері елуге таяу ірі қара мен бір отар қойдың семіз де сапалы етін Нұр-Сұлтан қаласының сауда сөрелеріне шығарыпты.
Бағымдағы ірі қара мен жылқы жергілікті тұқымнан. Шаруа қожалығының басшылары табысқа асыл тұқымды баққанда молынан жететіндігін ұғынып отыр. Бірақ ол үшін жем-шөп дайындау мәселесі туындайды. Жер көп болғанымен, шабындық, жайылымдық алқаптар бос емес. Ал азық-түлігі толымды болмаса, асыл тұқымды мал бағу оңай емес. Мал өнімдерін өткізу қиындық тудырмайды. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласы қолсозым жерде. Әрі Нұр-Сұлтан – Шідерті тас жолының бойындағы дәмханаларды етпен қамтамасыз етеді.
Алға ұмтылған шаруашылықтың қадамына тұсау болып отырған жалғыз жай – жайылымның жетімсіздігі. Биылғы жыл мал азығы үшін 250 тонна жем-шөп пен 50 тонна арпа дайындаған. Осы мал азығының көлеміне қарай мал қыстатылады. Әйтпесе қыс қатты болса артық мал тілін тістеп қалмақ. Шағын ғана шаруа қожалығы он шақты адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Еңбекақылары істеген жұмыс ауқымына қарай уақтылы төленеді.
–Жайылымның жетімсіздігі жанға батып тұр, – дейді шаруа қожалығының басшысы, – жүз мың гектарға дейін жер иеленгендер не өздері пайдаланбай, не өзгенің игілігіне жаратпай отырғандары түсініксіз. Осындай келеңсіздіктің салдарынан шоқ жұлдыздай Торғай ауылының қырыққа жуық отбасы көшеміз деп қопаңдап отыр. Егер мал сүмесімен күн көретін ауыл тұрғындарына жайылым үшін жер берілсе, мұндай олқылық орын алмас еді.
Шағын ауылдардың үлкен мәселесіне көңіл аударатын кез жеткен тәрізді. Жомарт жердің жалын жанын салып жұмыс істейтіндер ғана ұстауы тиіс қой.
Ақмола облысы,
Ерейментау ауданы
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ішінде 6-орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:19
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қоғам • Бүгін, 08:16
Аймақтар • Бүгін, 08:14
Руханият • Бүгін, 08:09
Алтын қолды батыр апай ауыл ауруханасында еңбек етеді
Аймақтар • Бүгін, 08:07
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:04
Руханият • Бүгін, 08:02
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар