Руханият • 24 Қараша, 2020

Еріктілер қатары еселеп артты

220 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Волонтер жылы» деп жарияланған биылғы жыл Сыр өңірінде құрамына азаматтық қоғам өкілдері және белсенді жастар енгізілген облыстық фронт-офис құры­лып, 7 бағытта өңірдегі мұқтаж отбасыларға, қиын жағдайға тап болған азамат­тарға волонтерлік көмек көрсетіліп келеді. Атаулы жыл аясында Syr Volonterlary орталығы ашылып, еріктілер күні бүгінге дейін 545 қайы­рымдылық шара өткізіп, 19 723 адамға жәр­дем беріпті. Жыл басынан бері жа­сал­ған жұмыстарды бір сара­ласақ, волонтерлердің талай игілікті істің басын­да жүргенін байқай­мыз.

Еріктілер қатары еселеп артты

Волонтерлер тек мұқтаж от­ба­сыларға ғана емес, індет ке­зінде ерекше көзге түскен ме­дицина қызметкерлеріне де қол­дау көрсетуде. «Мың алғыс!» жал­­пыреспубликалық акциясы аясында 100-ден аса медицина қыз­меткерінің отбасын азық-түлік өнімдерімен, 1 700 маманды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 88 ерікті мен 25 автоволонтер жұмылдырылды.

Мұнан бөлек, Birgemiz. Bilim ба­ғыты бойынша көп­балалы, әлеу­меттік жағынан аз қамтылған 650 отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары алынып берілді. Birgemiz: Saulyq бағыты бойынша санитарлық та­лаптардың сақталуын қадағалау тұрақты жүргізілуде. 

Бұл шаралардың барлығы өңір­дегі меценаттардың, демеуші азаматтардың қолдауымен жүзеге асырылғанын айта кету керек. Қиналған жанға қолұшын созуға даяр іскер азаматтар арқасында көп мәселе шешімін тапты.

Мысалы, жеңіл өнеркәсіп саласындағы белгілі кәсіпорын – «DALATEX» ЖШС басшысы Ділмұхамед Әбизовтің бастамасымен қала тұрғындарына 7 000 бетперде тегін таратылды. Күріш өндірісіндегі «Абзал и К» компаниясы  400 отбасыға азық-түлік себетін үлестіріп, 1 көпбалалы ана­ға баспана сыйлады. «Абай Дәу­лет» ЖШС көмегімен 620 000 теңгеге медициналық маска тіге­тін 4 тігін машинасы сатып алын­ды. 

Осы жазда көршілес Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы тұрғындарына су тасқыны қауіп төндірген шақта да Сыр ерік­тілері сырттап қалған жоқ. Олар облыс жұртынан көршілес өңір тұр­ғындары үшін гуманитарлық кө­мек жинап, бастамашыл топтар мен 180 волонтер ондаған қа­йы­­рымдылық керуенін ұйым­дастырды.  

Еріктілер күздің алғашқы екі айында 20-ға жуық қайы­рым­дылық шара ұйымдастырып, отыздан астам жалғызбасты қартқа көмек беріп, үйлерінің мұр­жа­сын тазалады, тұрмысы төмен отба­сыларға азық-түлік себеттері, тұр­мысқа қажетті заттар, киім-кешек­ алынды. 

Өңірде волонтерлік бағыттағы шараларды қолдау бағытында «Ерік­­тілер қозғалысын дамыту» әлеу­меттік жобасы жүзеге асы­ры­лу­да. Жобаға облыстық бюд­жет­тен­ 5 млн 678 мың теңге қаржы бө­лінді. 

Елдің бірлігі сынға түскен пан­­демия кезінде жастардың аза­маттық жауапкершілік пен бел­­сен­ділігінің артқаны анық бай­қал­ды.  Мысалы, осыдан 1 жыл бұрын облыстағы волон­тер­лер саны 150 болса, бү­гін­де олардың қа­тары 1000-ға жуық­­тады. Оның 801-і ресми ерік­ті ретінде тіркеліп, өңір­дің қоғам­дық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосып келеді.

Қиын сәтте жұрт жанынан табылған еріктілер еңбегі де елеу­сіз қалған жоқ.  Өңірдегі 5 меценат, үкіметтік емес ұйым­дардың 10 өкілі, 30 волонтер Мемлекет басшысының Жар­лығымен тағайындалған «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сонымен қатар пандемия кезінде тұрмысы төмен 3 800 от­басына азық-түлік өнімдерін үлес­тіріп, 30 миллион теңгеге облыс ауруханаларына 200 дана оттегі концентраторын алып бер­ген «Ел-Арай» қоғамдық қо­ры облыстық «Жомарт жүрек» сый­­­лығының «Жылдың үздік ұйы­мы» аталымын, Қармақшы ауданындағы 40 отбасына кө­мек көрсеткен, аудандық ауру­ха­на­дағы науқастарға дәрі-дәр­мек­тер алуға демеушілік жа­са­ған Орынбасар Төлепов «Жыл меценаты» аталымын ие­ленді. Қазалы ауданындағы кәсіп­керлерімен бірлесіп 55 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз ет­кен, аудандық ауруханаға тө­сек жабдығы мен қорғаныш киім­дерін табыстаған жас во­лон­тер Мархаббат Асановаға «Жыл тұлғасы», Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздік даңғы­лының бойын көркейтуге, пандемия кезінде өкпеге жасанды тыныс беретін аппарат пен оттегі концентраторларын алу­­ға миллиондаған қаражат бөл­ген меценат Роза Имановаға «Туған өлке» кәсіпкер­лерден жи­нақ­талған 3 000-нан аса бет­пер­дені таратып, жеке көлі­гімен қала аумағындағы аурухана қыз­мет­керлеріне тамақ, науқас­тар­ға оттегі баллондарын жеткіз­ген Динара Эшатоваға «Ерен ерік­тілік» аталымы тапсырылды.

«Қамқорлық» дағдарыс ор­талығы, «Ұмай» қайырым­дылық үйі, «Шапағат»  қоғамдық қоры да ортақ іске үлкен үлес қосқан, көп­тің алғысына лайық ұйымдар.

 

Қызылорда