29 Қараша, 2013

Қарыздарын толық төлеуді талап етуде

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ауруханасының қызметкерлері қарсылық акциясына шықты. Олар мекемеден айлық жалақы жөніндегі қарыздарын толық төлеуді талап етуде.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ауруханасының қызметкерлері қарсылық акциясына шықты. Олар мекемеден айлық жалақы жөніндегі қарыздарын толық төлеуді талап етуде.

«Дәрігерлер ақшаның өздері мен аяжандарға ғана емес, сонымен қатар бұларға келетін пациенттерде де жетіспейтінін айтады. Сондықтан, олар тиісті дәрі-дәрмектерін де сатып ала алмай отыр», деп мәлімдеді «Жетінші арна».

Ереуілге шыққан аурухана қызметкерлері бас дәрігердің уәдесіне әбден тойғандарын жеткізді. Олар екі айдан бері жалақыларын ала алмай отыр. Ал зейнетақы қорына ақша түспегеніне одан да көп болған. Осыны айтқан медиктер мен санитарлар барлық пәленің аурухана басшылығынан болып отырғанына да сенімді.

«Біз мекеменің қарызы 92 млн. теңге болғанын да естіп отырмыз. Аурухананы бензинмен, азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлер қарыздары үшін есепшотты жаптырып тастады. Осы есепшот қалай ашылады, олар солай ондағы ақшалардың бәрін сыпырып алады, біз тағы да жалақысыз қаламыз», – деді Гүлмира Мәделханова.

Аудандық орталық ауруханада қалыптасып отырған ахуалға ондағы қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар, пациенттер де ашу білдіріп жатыр. Олар палатаның ішінде тоңғаннан қата бастағандарын айтып шағынады.

«Палаталарда жүрудің өзі мүмкін емес, суықтан аяғың қатып қалады. Жылыну үшін ылғи жамылғы жамылып отырамыз. Енді мұндай жағдайда қандай ем болсын!», – дейді емделушілердің бірі Қалдыгүл Дүйсебаева.

Осы шағымнан кейін ауруханаға прокуратура қызметкерлері келді. Олар медиктер сөздерінің расқа шыққанын мәлімдеді.

«Тексеру барысында аурухананың дебиторлық және кредиторлық қарыздары көрсетілген акт толтырылды. Бухгалтерияның жұмысында да кемшіліктер бар екені анықталды. Бұл актіні біз облыстық қаржы полициясына тапсырдық, енді сол жақ процессуалды шешім шығарады», – деді Жалағаш ауданының прокуроры Хадиша Жұмағұлова.

Аудандық ауруханадағы жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар да біледі. Мұндағы жағдайды қазір олар да бақылауда ұстап отыр. «Ал дәрігерлердің жалақылары ертең беріле бастайды», – деп сендірді басқарма бастығының орынбасары Сәкен Серғазиев. Соңғы сәтте облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағанов ауруханаға 33 млн. теңге ақшаның жіберілгенін жеткізді. Осы ақша жалақы ретінде беріледі. Ал қарыздар келесі аптада толық жабылады.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар