Қоғам • 24 Қараша, 2020

"Дарын" сыйлығының лауреаттары анықталды

688 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Дарын" сыйлығының лауреаттары анықталды

Аталған сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі.

"Эстрада" номинациясы бойынша сыйлық Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Дәрия Оңалғазықызы Болсанбек және Бексұлтан Талғатұлы Кенішқалиевке берілді.

"Классикалық музыка" аталымында Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Қалқаман Бағдатұлы Дүйсембаев және аталған университет студенті Жібек Қанатқызы Мүсірғалиева үздік деп танылды.

"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМК солисі Мұқият Асқар және Қызылорда облыстық филармониясы КМК әртісі Күнсұлу Түрікпенқызы Түрікпен марапатталды.

"Әдебиет" номинациясы бойынша "Әдебиет порталы" интернет жобасының қызметкері Арман Манарбекұлы Шеризатов топ жарды.

"Театр және кино" номинациясы бойынша Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Әбілмансұр Әбдінасырұлы Серіков және Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Жасқайрат Сәбитұлы Валиуллиев жеңімпаз атанды.

"Спорт" аталымында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің фристайл бойынша нұсқаушы-спортшысы Юлия Евгеньевна Галышева және жеңіл атлетика және пауэрлифтинг бойынша паралимпиадалық спортшы, "TSG contruction" ЖШС өндірістік-техникалық бөлімі инженерінің көмекшісі Жігер Мәлікұлы Кенжеғалиев жүлде алды.

"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша зергер, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Ардақ Отанғалиұлы Әбішев және "Zeken Moda" ЖШС бас дизайнері Ақбота Жолдасбекқызы Тоқтасынова оза шапты.

"Журналистика" номинациясы бойынша "Хабар" агенттігі" АҚ "Хабар 24" телеарнасының журналисі Рауан Ерұзақұлы Мыңбаев және "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының жетекші редакторы Әсем Бақытқызы Сартбаева иегері атанды.

"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының төрағасы Споткай Максим Александрович және "Қазақстан жастарының конгресі" қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Коммунарұлы Болысов марапат алды.

"Ғылым" номинациясы жүлдесін ҚР Білім және ғылым министрлігі "М.Ә. Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" ШЖҚ РМК ғылыми қызметкері Жүсіпбек Еркінұлы Мұқатаев және "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының докторанты Әсем Нұржанқызы Әшімова иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше