"Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған. Газдандыру «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен" бағыты бойынша газ құбыры тартылуы мүмкін. Семей маңында Павлодарға қарай бұру да қарастырылып отыр", - деді министр.
Оның айтуынша, аталған бағытта газ құбырын салу осы өңірлердегі 2,1 млн адамға көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 млрд текше метр деңгейінде деп болжанған.
"Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін "ҚазТрансГаз" АҚ мен "Газпром" арасында жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе Ресей тарапымен пысықталуда", - деді Нұрлан Ноғаев.