Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері және өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол карталарын іске асыру барысы қаралды.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
5 жылда 1 334 км құбыр тартылды
Бірінші мәселе бойынша Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.
Елді газдандыру бойынша қазіргі жағдай туралы баяндаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев газ ресурстары ішкі сұранысты жабу үшін жеткілікті екенін атап өтті. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия 3,8 трлн текше метр көлемінде өндірілетін газ қорын нақтылады, оның ішінде ілеспе газ – 2,2 трлн текше метр, табиғи (бос) газ – 1,6 трлн текше метр. Барлық барланған газ қорларының 98%-ға жуығы Қазақстанның батысында, соның ішінде 87%-дан астамы ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарында шоғырланған.
Еліміздің ірі кен орындары – «Қашаған», «Қарашығанақ», «Теңіз» қорлары елдегі барлық газ қорының 75%-ын құрайды. Өндірілетін газдан қажетті көлем ішкі нарыққа, бір бөлігі экспортқа, бір бөлігі қысымды ұстап тұру үшін қабатқа айдауға және жер қойнауын пайдаланушылардың жеке технологиялық қажетіне жұмсалады.
Ведомство басшысының айтуынша, елде жаңа тұтынушылардың пайда болуына байланысты газ тұтынудың өскені байқалады. «Мәселен, соңғы 5 жылда, атап айтқанда, 2015-2019 жылдары газды тұтыну 12,1-ден 16,3 млрд текше метрге дейін немесе 35%-ға ұлғайды. Осы жылдың 10 айында газ тұтыну көлемі 12,4 млрд текше метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102%-ды құрады», деп хабарлады Н.Ноғаев.
Сонымен қатар елді газдандыру ауқымы да ұлғайып келеді. Елді газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас кестесін іске асыру аясында жыл сайын мемлекеттік бюджеттен газдандыруға қомақты қаражат бөлінеді.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 51,47%-ды құрады немесе 9,5 млн адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ға жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10,07%-ға артық. Сөйтіп, 2015-2020 жылдар кезеңінде газдандырылған елді мекендердің өсімі 286 бірлікті, халықтың өсімі 2,4 млн адамды құрайтын болады. Сондай-ақ соңғы 5 жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынған.
2015-2020 жылдар кезеңінде республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде соңғы 2 жылда 76 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ газдандырудың кейбір жобалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бюджеттік бағдарламасы есебінен іске асырылуда. 2020-2021 жылдары 8 өңірде 22,5 млрд теңгеге 58 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 51 жобаны осы жылы және Алматы облысында 7 жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.
Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасына» сәйкес ұзындығы 1 061 шақырым болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының І кезеңі пайдалануға берілді. Министр атап өткендей, Қызылорда облысынан бастау алатын «Сарыарқа» газ құбырының І кезеңі елорданы, орталық және солтүстік өңірлердің бір бөлігін экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміз үшін маңызды тарихи оқиғалардың бірі саналады.
Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-ші және 3-кезеңдерін салу мәселесі пысықталуда. Халыққа газ беру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 1-кезеңінің трассасы бойында Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды және Ақмола облыстарында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. «Елорданы газдандыру 3 кезекке бөлінген. Қазіргі уақытта әкімдік 9 іске қосу кешені бар 1-кезектің құрылысын жүргізуде. Елорданы газдандырудың 2-ші және 3-кезегі бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде», деді министр.
Қарағанды облысында әкімдік автоматтандырылған газ тарату станцияларынан Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына газ бұру мен тарату желілерін салуды көздейді. Барлық үш қала бойынша 1-кезектегі іске қосу кешендері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысында газ тарату желілерінің құрылысы 2 кезекке бөлінген. 1-кезекте Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газдандыру үшін 13 жобаны іске асыру қарастырылған. Газдандырудың 2-кезегінің нысандары әзірге жобалау сатысында тұр.
Солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған. Газдандырудың ықтимал нұсқасы «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен» бағыты бойынша Ресей Федерациясынан газ құбырын салу. «Бұл ретте Семей маңында Павлодар облысына қарай бұру болжанады. Аталған бағыт бойынша газ құбырын салу осы өңірлердегі 2,1 млн адамға көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндағы тұтыну көлемі жылына 2,3 млрд текше метр деңгейінде болады деп болжануда. Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Газпром» арасында жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе Ресей тарапынан пысықталуда», деді Н.Ноғаев.
Осылайша, газдандыру жобаларын іске асыру, сондай-ақ бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан объектілерді газға қосу есебінен 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізді 55% газдандыру деңгейіне қол жеткізу күтіліп отыр. Газдандырылған елді мекендердің саны 1 707 бірлікті, газдандырылған халықтың саны 10,4 млн адамнан асады деп күтілуде.
Өңірлердегі өрелі іс
Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев өңірдің 371 елді мекенінде 1 136 222 адам тұратынын хабарлады. Оның ішінде қазіргі уақытта 192 елді мекен газбен қамтамасыз етілген. 2020 жылы 116 елді мекенде 210 мың адамды газбен жабдықтау үшін 26 жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 14,1 млрд теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда газбен жабдықтау саласындағы жұмыс көлемі 2,2 есеге артты. Соның нәтижесінде, биыл 45 елді мекенде орамішілік газ құбырлары салынады, 95 мың адам газға қол жеткізеді. Ал қалған 71 елді мекенде жұмыстар 2021 жылға қарай аяқталады.
Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек өңірде 9 қала мен 114 елді мекенді газдандыру жоспарланғанын айтты. Бірінші кезеңде үш қалада 3 мыңға жуық үй газбен қамтылады. Қазіргі уақытта Теміртау және Жезқазған қалаларында қабылдау актілеріне қол қойылды және құрылыс жұмыстары аяқталды. Желілерді «ҚазТрансГаз» АҚ сенімгерлік басқаруына беру рәсімі басталды. Осыдан кейін 1 мың 56 үйге газ беру қамтамасыз етілуі мүмкін, тұтынушылардың дайындығына қарай газ тұтыну көлемі жылына 6 млн текше метрді құрайды. «Қарағанды қаласына келетін болсақ, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес 70%-ға орындалды, құрылысты аяқтау 2021 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Газ тұтыну көлемі 22 млн текше метр болатын 1 мың 865 үйге газ беру қамтамасыз етіледі», деді Ж.Қасымбек.
2021 жылы Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында 3 мың 800 үйді қамтитын екінші іске қосу кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда. Қаржыландырудың қолдауымен 2021 жылы Жаңаарқа, Осакаров аудандарында және Шахтинск қаласында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады, бұл 1-кезеңде 3 мыңнан астам үйді газдандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2021 жылы Саран қаласын, Ақтас және Дубовка кенттерін газбен жабдықтау үшін жеткізуші газ құбырын салу жоспарлануда. Осылайша, 2021 жылы шамамен 19 мың адам газбен қамтамасыз етілетін болады. Толық қаржыландырылған жағдайда, 2030 жылға қарай облыс халқының 1 млн 100 мың адамы газдандырумен қамтылады.
Шығысқа да газ барады
Мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстанда әлемдік энергетика нарығындағы секілді энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерін өндіру мен тұтынуға қарағанда, газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқанын атап көрсетті. Биыл Қазақстанда газ тұтыну 16,5 млрд текше метрге дейін өседі деп күтілуде (2019 жылы тұтыну көлемі 16,3 млрд текше метр болды). Ең алдымен, бұл электр энергиясы өндірісінде (50%), коммуналдық-тұрмыстық секторда (36%), өнеркәсіпте (14%) пайдаланатын тұтынушылар санының артуына байланысты. Осы жылдың қорытындысы бойынша ел халқын газдандыру көрсеткіші 53% деңгейінде жоспарланған. Бұл 9,8 млн адам табиғи газға қол жеткізе алады деген сөз.
2025 жылы газдандыру деңгейі жоспар бойынша 2120 елді мекенді немесе 11,7 млн тұрғынды қосумен 60%-ға жетеді. Бұған «Сарыарқа» жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру, Шығыс Қазақстанды газдандыру, сондай-ақ өңірлік желілерді кеңейту және реконструкциялау жұмыстары ықпал ететін болады.
Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды.
Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында Премьер-Министр 2021 жылғы 1 наурызға дейін «Сарыарқа» газ құбыры жобасының 2-ші және 3-кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптамаларды алуды тапсырды. Сондай-ақ 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі атап өтілді.
Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкімдіктеріне газбен жабдықтау объектілеріндегі ақауларды жою және оларды кейіннен пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру үшін жергілікті бюджеттерден қажетті қаражатты қарастыру тапсырылды.
Экологиялық ахуалды жақсарту – басым міндет
Үкімет отырысында қаралған «Өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол карталарын іске асыру барысы» туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баяндама жасады.
Биыл Қазақстанда «ластаушы төлейді – түзейді» қағидаты бекітілетін жаңа Экологиялық кодексті қабылдау көзделген. Бұл жаңа реттеу жүйесі аясында өндіріске жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге жол ашады. Жұртшылықпен экологиялық проблемаларды талқылау қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірінде экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі өңірлік жол карталары бекітілді. Оларды іске асыру, озық технологияларды енгізу, жаңа экологиялық кодекстің нормаларын орындау 2024 жылға қарай атмосфераның ластану индексін төмендетуге және жалпы алғанда еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы Асқар Мамин 2025 жылға дейін Қазақстандағы орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 млрд астам ағаш отырғызу жоспарланғанын атап өтті. Осында қамтылған шаралар аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Тараз қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарының 6 қанатқақты жобасы іске қосылады, бұл кемінде 200 млрд теңге жеке инвестиция тартуға және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 30%-ға дейін жеткізуге жағдай жасайды. «Елдегі экологиялық жағдайды жақсарту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдымызға қойған басым міндеттерінің бірі», деді А.Мамин осы мәселеге орай.
Үкімет басшысы Экология министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жұртшылықпен тұрақты кездесулер өткізе отырып, өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол карталарын толық әрі уақтылы іске асыруды тапсырды. Премьер-Министр барлық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, сондай-ақ полигондардың таусылған ресурстарын жабу және қалпына келтіру бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.
Бүгінде өңірлерде 3,5 мың қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектісі жұмыс істейді, олардың тек 620-сы ғана (17,6%-ы) қойылатын талаптарға сай келеді. Осыған орай Экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді тездету және оның жобасын келесі жылдың басында Үкіметке енгізу тапсырылды.
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы салымдарын қалай пайдалануға болады?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар