Коронавирус • 25 Қараша, 2020

Індетпен күреске студенттер тартылды

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары қолға алынғанымен, санитарлық-эпидемиялық жағдай әлі де ушығып тұр. Осыған байланысты COVID-19 профилактикасы мен емдеудің тиімділігін арттыру үшін барлық қолжетімді ресурстар іске қосылып жатыр.

Індетпен күреске студенттер тартылды

Өскемен, Риддер және Ше­монаиха ауданының инфек­циялық стационарларында 19 қарашадан бас­тап жұмыс то­бы­ның құра­мына «Семей мем­лекеттік уни­верситетінің» балалар инфекциялық аурулар кафе­драсының меңгерушісі, жо­ғары санатты дәрігер Имдат Эфендиев пен анестезиология, реаниматология және нар­­кология кафедрасының ас­сис­тенті Дәулет Төкенов аралас­ты. Олар пациенттердің жағ­дайына талдау жасауды қолға алған. Сонымен қатар 19 қара­шадан бастап мобильді бри­гадалардың құ­рамына, коронавирус инфек­циясының таралуын болдырмау жөніндегі ор­талыққа аталған оқу орын­ның 30 дәрігер-интерні тартылды.

Коронавирус инфекция­сымен күрес Денсаулық сақ­тау басқармасы мен ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау де­пар­таментінің мамандарымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Бұған дейін бұл жұмысқа Өскемен филиалының 10 қызметкері мен студенттері тартылған еді.

Сондай-ақ университеттің бес кафедрасы COVID-19 ін­детін жұқтырған науқас­тар арасындағы өлім жағ­дайы­на талдау жүргізді. Тал­дау жұ­­мыстары Шығыс Қазақ­стан және Павлодар облыс­та­ры­ның денсаулық сақтау бас­қар­маларымен тығыз байланыс­та атқарылып жатыр. Қазіргі уа­қытта инфекцияны анықтау мен алдын алу бағытындағы жұмыстарға жоғары оқу орын­дарының 144 қызметкері мен студенттері, профессор-оқы­тушылар, интернатура сту­денттері, резиденттер, магис­транттар мен докторанттар жұ­мыл­дырылған.

Дендеп тұрған дертті ауыз­дықтау үшін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құ­рал­дарының тұрақтандыру қоры да құрылған. Емдеудің тиімділігі үшін коронавирус инфекциясының жеңіл және орташа ауырлығы бар 6 200 науқасты дә­рі-дәрмекпен қамтамасыз ету есебінен «фавипиравир» препараты сатып алынды. Препарат 12 қарашадан бастап па­циент­тердің келі­сі­мімен облыстың ауруханаларында қолданысқа енген.

 

Шығыс Қазақстан облысы