Қоғам • 25 Қараша, 2020

Жақсылық жасаудан жалықпайды

168 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазір кейбір жас отбасылар өздігінен баспана алуға шамалары келе бермейді. Еңбекақының мардымсыздығы үкіметтің қолдау бағдарламасына еніп, несие алуына мүмкіндік тудырмайды. Ал ата-аналары тарапынан көмек жоқ, өйткені кейбірінің өзі күнін зорға көріп отыр.

Жақсылық жасаудан жалықпайды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының тұрғыны Денис Добратаның отбасы да сондайдың бірі болған. Ол әйелі Еленамен екеуі біреудің ескі үйін жалдап, сегіз жыл тұрып келген еді. Қанша жөндесе де бір тесігін бітесе, екіншісі шығатын ескі үй жас отбасына пана бола алмайды. Жас балалары бетінен боздағы шығып, азынаған үйде бір жылына алмай, үнемі дірдектеумен жүреді. Арақ ішіп, бұзақылық қылмаса да тұрмыс жағдайлары төмен, балаларын талапқа сай асырай алмайтын отбасы ретінде әлеуметтік қолдау қызметі олардың бөбектерін мемлекеттің қарауына алу қаупі бар екенін ескертіп кетеді.

Осындай қысылтаяң шақта үй иелері «Мейірімді жүрек» деген қоғамдық қоры бар екенін естіп, оларға көмектеспес пе екен деп қайрылады. Қорқа соғып барса жалындаған жас жігіттер мен қыздар бұлардың жағдайына белсене араласып кетеді. Волонтерлер үйдің жағдайын зерттеп, айналасы бір аптаның ішінде жаңа баспана алып бергенде жас отбасының төбесі көкке сәл-ақ жетпей қалған. Енді 2021 жылды өзіміздің ошағымызда қарсы алатын болдық деген ерлі-зайыптылар журналистерге екі езулері екі құлағына жеткен қуанышпен айтып жатты.

«Мейірімді жүрек» қорының волон­тер­лері осы аудандағы «Тиолайн» ЖШС жағдайды түсіндіріп, жас отбасына кө­мек­тесуді өтінген екен. Қолынан кел­ген көмегін серіктестік аяп қалмай, адам­гер­шілік жасап, жас отбасына аумағы 70 шаршы метр болатын біршама жаңа үйді сатып алып береді. Серіктестіктің басшысы Виктор Долгалевтің өзі бұл мәселе туралы былай дейді: «Біз адамдарды осы жерге орнықтыру мақсатын алдымызға қойып отырмыз. Адамдарсыз, жақсы жұмысшыларсыз, шебер мамандарсыз жақсы табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан біз адамдардың ұлты­на, сеніміне, кәсібіне қарамай тек жұ­мыс істей алатын болса осы жерге орнық­тыруға тырысамыз. «Мейірімді жүрек» қорына біз өзіміз қайрылып, біздің осындай талабымыздан шығатын отбасыларын қарастыруды өтінген едік. Біздің жалғыз шартымыз бар, ол – адам арақ ішпеуі керек. Осындай болса біз көмегімізді аямаймыз. Осы жылдың аяғына дейін тағы бір жас отбасына осындай көмек жасауды жоспарлап отырмыз. Міне, біздің шартымыздан шыққан мына отбасына көмектескенімізге өзіміз де қуанып тұрмын».

«Мейірімді жүрек» қорының төра­ғасы Екатерина Сафонова жас отбасына үй ғана емес, барлық қажетті жи­­һаз­дарды да сатып әпергенін айтты. Волонтерлердің күшімен жөндеу жұ­мыс­тарын да өздері жүргізіп беріпті. Бұл істерге Тайынша қаласындағы «Ашық жүрек» қоғамының белсенділері атсалысқан. Олар жергілікті қайырымды кәсіпкерлерді ұйымдастырып, жас отбасына қажетті тұрмыстық заттардың бәрін алып берген екен.

Біздің арамызда адамгершіліктің туын жоғары ұстайтын осындай жандар бар. Олар жақсылық жасаудан жалық­пай­ды. Әрбір игілікті істеріне алдымен өздері қуанса, көмек алғандар тіпті разы.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше