Бауыржан Құлжановтың есімі солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс. Ол классикалық күрестен КСРО спорт шебері, қазақ күресінен Солтүстік Қазақстандағы бірінші спорт шебері, облыстық күрес федерациясының президенті. Өз салмақ категориясы бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Суретте: Спорт шебері Бауыржан Құлжанов өз үйіндегі музейін таныстырып тұр.
Спорттың, оның ішінде күрестің облыстағы дамуына өзіндік үлкен үлес қосқан азамат. Кезінде ол Петропавл қалалық партия комитетінде қызмет істеген екі қазақтың бірі болған еді. Бұл жерде де ол денешынықтыру мен спорт саласының дамуын қадағалаған. Өз ісіне берік және білікті азаматтың ұлттық намысы да жоғары болды. Ол солтүстікте қазақ күресінің дамуына зор еңбек сіңірді.
Біз қаладағы жалғыз қазақ мектебінде оқып, жасөспірімдердің спорт мектебіндегі күрес секциясына қатысып жүргенде Бауыржан Құлжанов ағамызды жиі көретінбіз. Ол сол тұста күресте ғана емес, өмірде де ешкімге есесін жібермейтін қызуқанды азамат болып көрінетін.
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдарында жаңадан құрылған, бұрын болмаған кеден қызметін де Бауыржан Құлжанов басқарды. Осында қызметтен қол үзбей жүріп, Ресейдің Кеден академиясын да алғашқылардың бірі болып сырттан оқып бітірді. Одан әрі Жамбыл облыстық кеден басқармасының бастығы болып, кеден қызметінің полковнигі дәрежесінде зейнет демалысына шықты.
Қазір оның атында облыста жыл сайын күрестен жарыстар өткізіліп тұрады. Ол Петропавл қаласы мен Аққайың ауданының Құрметті азаматы. «Мен қазақ күресімен айналыса бастаған жылдарда бұл күрес бізде мүлде дамымаған еді. Бірақ маған оның әдіс-тәсілдері соншалықты жақын болды. Сондықтан олардың көбін айнаға қарап отырып, өздігімнен игеріп кеттім. Сол жылдары алғаш рет Шымкентте республикалық жарыс болып, облыстан соған жалғыз өзім барып, бірінші орын алып қайтқан едім», деп еске алады Бауыржан Ниязұлы. Ал қазір біздің облыста күрестің осы түрімен мыңнан астам жас айналысады.
Кеден қызметіне келгенге дейін Бауыржан Құлжанов ішкі істер органдарында қызмет істеген еді. Жаңа қызмет алғашында осы органның базасында құрылған. Сол жылдары Баукең ішкі істер органдарының «Динамо» спорт қоғамын басқарды. Сондықтан да оны қазір «Динамо» спорт қоғамы өзінің ардагері деп санайды.
Биыл «Динамо» спорт қоғамының республикалық Орталық кеңесі денешынықтыру мен спортты насихаттау мақсатымен осы тақырыпқа түсірілген БАҚ өнімдеріне байқау жариялаған болатын. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі «Спортсыз күнім жоқ» деген бейнеролик түсіріп, конкурсқа қатысқан. Бұл тұтасымен «Динамоның» ардагері Бауыржан Құлжановтың бүгінгі спорттық өміріне арналған шағын фильм еді. Өзінің спортпен біте қайнасқан өмірі туралы айтқан қарт спортшының әңгімелері өте тартымды болып, оны әлеуметтік желілерде 1700-ден астам адам қараған. Сөйтіп, осы шағын бейнеролик республикалық конкурста екінші орын алып, оны түсірушілер мен басты кейіпкерін ғана емес, барша солтүстікқазақстандықтарды қуанышқа бөледі.
«Бауыржан Құлжанов Солтүстік Қазақстан спортының еңбек сіңірген ардагерлерінің бірі», – дейді ДШСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев. – Ол жас кезінде-ақ ұлттық спорт – қазақ күресінен спорт шебері атанды. Комсомол ұйымында, кейін полицияда жұмыс істеді, «Динамо» төрағасының орынбасары болды, кеден қызметінің полковнигі шенінде зейнетке шықты. Байқау жарияланған кезде біз ойланбастан бейнероликтің кейіпкері болуға Бауыржан Ниязұлын таңдадық. «Спортсыз күнім жоқ» қағидасын ол өз бойына сіңірген адам. Ол барлық уақытта да жаттығуды тастаған емес. Қазірдің өзінде ауа райының қолайсыздығына да қарамастан жүгірумен айналысып, көшедегі тренажерлердің жанынан тоқтамай өте алмайды».
Бауыржан Құлжанов өз үйінде Солтүстік Қазақстан спортының нағыз жеке мұражайын жинақтады. «Спорт менің қанымда бар және бұл бекер айтылған сөз емес», дейді өзі.
Жақында оған республикалық конкурстың қорытындысы бойынша берілген «Динамо» ДШСҚ Орталық комитетінің II дәрежелі дипломы тапсырылды. Жүлде облыстық полиция департаментінің аппараттық жиналысында тапсырылды. Департамент бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев спортты кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін бейнероликті жасаған «Динамо» ДШСҚ СҚОФ бас маманы Галина Скорых пен СҚО ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Ерлан Махметовке де Алғыс хаттар тапсырды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы салымдарын қалай пайдалануға болады?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар