Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы қаласы ішкі істер департаменті жедел басқару орталығының операторы, полиция старшинасы Г.Шыңғысовадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Автор өз хатында Қазақстан Президентіне елімізді әлемнің дамыған мемлекеттері қатарына қосу бағытында жүргізіп отырған саясаты, сондай-ақ, барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қызметі үшін ризашылығын білдіреді.
«Сіздің мемлекеттік қызметтегі кейбір адамдар атына айтылған негізді сыныңызды аса қанағаттанған сезіммен қабылдадым, онда халық тарапынан білдірілген сенімді ақтау қажеттігі атап өтілген», – делінген хатта.
Бұған қоса, Г.Шыңғысова Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің зияткер ұлт қалыптастыру және талантты жастарға қолдау көрсетудегі рөлі зор екенін атап өтеді.
Хат соңында автор «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған міндеттердің іске асатынына сенімін білдіреді.