
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Е.Досаев министрліктің биылғы 10 айдағы қызметі қорытындылары және Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Ол аталған кезеңде еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,8% болғанын, ал жыл қорытындысында болжамды 6%-дық көрсеткішке қол жеткізу күтіліп отырғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті ел экономикасын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырту жүргізу, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігін атап көрсетті.
Министр мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, олардың қайталануын жоюға және тиімділігін арттыруға бағытталған тексерісті аяқтау қорытындылары жөнінде ведомство жоспарлаған шаралар туралы да айтты.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.