29 Қараша, 2013

Арнайы өкілді қабылдады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетіктері, сондай-ақ Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстанды дамытуға, соның ішінде ауған студенттерін оқытуға бағытталған түрлі жобаларды іске асыру арқылы көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Я.Кубиш Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылғы сәуірде өтуге тиіс президенттік сайлауға Ауғанстанның дайындығы барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ БҰҰ-ның елдегі ахуалды тұрақтандыру бағытында күш-жігер жұмсап отырғаны туралы да айтты.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар