29 Қараша, 2013

Болашақтың көшбасшылары

385 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әлемдік өркениеттің көшіне ілесудің жалғыз жолы ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру. Жас ұрпақ жаңа заман білімін мейлінше меңгеріп, әр саласынан сусындап жатса, ел ертеңі жарқын боларына ешкім шүбә келтірмес. Шүкір дейміз! Бұл бағытта бізде барлық жағдай жасалған. Кеңестік білім беру жүйесінің кендіріне шырмалып қалған кейбір мемлекеттерге қарағанда көшіміз бойын баяғыда-ақ түзеді. Осы орайда, қазақстандық орта білімнің озық үлгісін қалыптастырып отырған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жасампаз жұмысы мақтауға тұрарлық. Құрылғанына көп уақыт бола қоймаған зияткерлік мектептері қысқа мерзім ішінде озық ойлы ұстаздар мен озат оқушыларды бір ортаға топтастырып, зама­нау­и білім жүйесі негізінде оқыту ісіне батыл кірісіп кетті.

Әлемдік өркениеттің көшіне ілесудің жалғыз жолы ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру. Жас ұрпақ жаңа заман білімін мейлінше меңгеріп, әр саласынан сусындап жатса, ел ертеңі жарқын боларына ешкім шүбә келтірмес. Шүкір дейміз! Бұл бағытта бізде барлық жағдай жасалған. Кеңестік білім беру жүйесінің кендіріне шырмалып қалған кейбір мемлекеттерге қарағанда көшіміз бойын баяғыда-ақ түзеді. Осы орайда, қазақстандық орта білімнің озық үлгісін қалыптастырып отырған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жасампаз жұмысы мақтауға тұрарлық. Құрылғанына көп уақыт бола қоймаған зияткерлік мектептері қысқа мерзім ішінде озық ойлы ұстаздар мен озат оқушыларды бір ортаға топтастырып, зама­нау­и білім жүйесі негізінде оқыту ісіне батыл кірісіп кетті.

– Жаңа ғасыр Бізді жаңаша ойлауға міндеттейді. Бұдан былай тек білімді адамды тәрбиелеп шығарумен шектелмеген абзал. Балаларымыз ғұмыр бойы білімге ұмтылатындай болуы керек. Міндетіміз – соған қол жет­кізу, – дейді Назарбаев Зият­керлік мектептері дербес бі­лім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова. Ұйымның ұйымдастыруымен Астанада өткен «Білімдегі жоғары сапа мен көшбасшылық – 2013» ха­лықаралық конференциясы барысында осы бағытта жасалып жатқан жұмыстардың жай-жапсары үш күн бойына талқыға түсті. Шараға Қазақстанның же­тек­ші ұстаздарымен бірге, әлем­нің 14 мемлекетінен келген 57 халықаралық сарапшы қатысып, шарапатты ойларын ортаға салды. Мамандар «ертеңгі ел бастайтын даналар – бүгінгі балалар», – деп мәселені әріден қозғап, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеудің сан түрлі тәсілдерін ұсынды.

Бұл бағытта жеті қағидатты негізге алған зияткерлік мектеп­тердің бағыт-бағдары оң бағалан­ды. Оларда тәрбие мен білім берудің біртұтастығын бұзбау, үштілдік саясаты, оқушының білімге деген ынтасын арттыратын жаңа бағалау жүйесін ендіру, «Ғылымға кіріспе», «Ақпараттық-байланыс технологиялары», «Мәдениет», «Қазақстан жаңа әлемде» атты жаңа пәндерді бағдарламаға енгізе отырып, оқушылардың танымын арттыру т.б. міндеттер кеңінен қамтылған.

Бұл арада Назарбаев Зият­керлік мектептерінің білім беру бағдарламаларына тоқтала кетсек артық болмас. Бүгінде мектептер базасында білім берудің екі моделі жүзеге асырылуда. Біріншісі – жаратылыстану мен математика ғылымдарын біріктірген экспериментті бағдарлама. Ол апробациядан өтіп, ендірілгеннен кейін елдің жалпы орта білім жүйесіне трансляциялауға ұсы­нылады. Біріктірілген білім беру бағдарламасы нәтижеге бағыт­талған білім беру моделіне ауысуды қарастырады, яғни білім алудан қабілеттілік пен білік­тілікті меңгеруге, оқушылар жетістіктерін субъективті бағалау жүйесінен объективті түріне ауысуды білдіреді.

Екінші білім беру моделі халықаралық бакалавриат ұйы­мының философиясы негізінде орта және жоғарғы сыныптар бағдарламасын жүзеге асыра­ды. 2013 жылдың 9 сәуірінде Ас­тана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дипломдық бағдарлама бойынша халықаралық бакалавриаттың әлемдік мектебі ретінде мақұлданды. Дипломдық бағдарлама оқушыларға ха­лық­аралық талаптарға сай сапалы білім алуға және әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттеріне қосылуға мүмкіндік береді.

Зияткерлік мектептер ұс­таздарының дені қазақ­стан­дықтар. Дегенмен, оқытушылар арасында Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Канада, ОАР секілді өзге елдердің мамандары да бар. Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушылар конкурстық іріктеу арқылы қабылданады. Алғаш рет 7-сыныпқа қабылдау 2013 жылғы маусымда Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының Cito және CTY-мен бірлесіп әзірлеген жаңа жүйесі негізінде өткізілді. Жаңа конкурстық іріктеу жүйесінің тестілік тапсырмалары білімді тәжірибеде қолдану және оқу­шылардың жа­ратылыстану-математикалық ғы­­лымдарды оқып білу қабілеттерін анықтауға бағытталған.

Биылғы оқу жылында 78 оқушы, яғни Назарбаев Зияткерлік мектептердің әр алтыншы түлегі жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа және «Алтын белгіге» ие болды, 135 түлек Назарбаев Университетіне, 27 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына және ТМД елдерінің университеттеріне оқуға түсті.

Озық оқыту жүйесімен отан­дық ұстаздарды қуантып отыр­ған осынау мектептердің саны бүгінде 15-ке жетті. Биылдың өзінде Атырауда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Таразда, Шымкент­те, Қызылордада және Павлодарда 7 жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебі есіктерін айқара ашты. Семейде, Өскеменде, Талды­қорғанда, Көкшетауда, Астанада және Оралда ашылған зияткерлік мектептер өз жұмыстарын жал­ғастыруда. Алдағы жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептері Алматыда, Ақтауда, Қостанайда және Петропавлда бой көтереді. Әрбір жаңа білім ұясында басқа қаладан келген оқушыларға арнап 120 орындық демалатын ғимараттар да салынуда. Ал жалпы, еліміз бойынша аталған зияткерлік білім ошақтарының құрылысын толық аяқтау 2015 жылға жоспарланып отыр.

Досымжан ЕРМҰРАТ.

Соңғы жаңалықтар