Украина студенттері Литва астанасында өтіп жатқан «Шығыс әріптестігі» саммитінде мемлекет басшысының Еуропа Одағымен қауымдастық құру жөніндегі келісімге қол қоюын талап етіп, студенттердің жалпыұлттық ереуілін ұйымдастырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Киев ұлттық университетіне қарама-қарсы тұрған Тарас Шевченко ескерткішінің алдына түрлі жоғары оқу орындарынан келген 2 мыңға жуық студент жиналды. Олар ұйымдасқан түрде сап түзеп, Тәуелсіздік майданына қарай бет алды. Қолдарына Украина мен Еуропа Одағының туларын ұстаған студенттер: «Ұлт жастары еуроинтеграцияны қолдайды», – деп ұрандады. Шевченко көшесіндегі автокөлік қозғалысы толығымен тоқтап қалған.
Литва астанасы Лиссабон қаласында өткен «Шығыс әріптестігі» саммитінің бірінші күні Еуропа Одағының басшылары Украина президенті Виктор Януковичті қауымдастық жөніндегі келісімге қол қоюға көндіре алмады. Бұл туралы кеше саммит аясында өткен кешкі астан кейін Литва президенті Даля Грибаускайте мәлімдеді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com